Негізгі мазмұнға өту

Wipon Desktop 0.0.66 релизі

· 2 минут оқу

Wipon Desktop 0.0.66

  1. Офлайн режимде қалдықсыз тауарларды сату: «Минуспен сату» баптауы өшірілген компаниялар үшін офлайн режимде тауарларды сату логикасы жетілдірілді. Бұған дейін мұндай жағдайларда кассир қалдықта жоқ тауарды сата алмайтын, өйткені офлайн режимде автоматты түрде қабылдау қолжетімсіз болатын. Енді мұндай тауарды таңдаған немесе сканерлеген кезде жүйе ескерту көрсетеді және растағаннан кейін сатуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Ауысымды жабу кезінде жүйе теріс қалдыққа кеткен тауарларды көрсетеді. Мұндай тауарлардың санын өзектендіру үшін бірден қабылдау жасауға болады. «Минуспен сату» баптауы қосылған компаниялар үшін жұмыс логикасы өзгермейді.

  2. Разукомплектациялау және дана бойынша сату: Қаптамамен және дана бойынша сатылатын тауарлармен жұмыс істеу логикасы жетілдірілді. Жүйе қолжетімді қалдықтарды дұрыс тексереді және тиісті әрекетті таңдауды ұсынады: тауардың кірісін рәсімдеу немесе тауарды дана бойынша сату. Сондай-ақ тауарды дана бойынша сату кезінде «Минуспен сату» ережесінің жұмысы ескерілген. Егер тауар бөлшектеу (разукомплектация) үшін жеткіліксіз болса, жүйе ескерту көрсетеді және қате сатуды жүзеге асыруға жол бермейді.

  3. Кейінге қалдырылған сатылымдар: Кейінге қалдырылған сатылымдармен жұмыс істеу жақсартылды. Сатуды кейінге қалдырылғандардан (отложкадан) қалпына келтіру кезінде жүйе тауар бағасының өзгерген-өзгермегенін тексереді және алшақтық болған жағдайда пайдаланушыға ескертеді.

  4. Фискалдық емес Z-есеп: Онлайн-касса қосылмаған пайдаланушылар үшін ауысымды жабу кезінде енді фискалдық емес Z-есеп көрсетіледі. Бұл қолданбадағы жұмысты аяқтамас бұрын ауысым қорытындыларын қарап шығуға мүмкіндік береді.

  5. Қабылдауды ішінара және аралас төлеу: Wipon Desktop жүйесіне қабылдауды ішінара немесе бірнеше төлем әдісімен төлеу мүмкіндігі қосылды. Енді төлем сомасын көрсетіп, оны бөлуге болады, мысалы, бір бөлігін қолма-қол ақшамен, ал екінші бөлігін қолма-қолсыз төлеуге болады.

  6. Сатып алу бағасын сату бағасынан есептеу: Қабылдауда сату бағасы мен үстеме пайызы негізінде сатып алу бағасын автоматты түрде есептеу мүмкіндігі қосылды. Мысалы, сату бағасы 15 000 ₸ және үстеме пайызы 25% болғанда, сатып алу бағасы 12 000 ₸ құрайды.

  7. Этикеткадағы қаптама күнін жасыру: Этикеткаларды басып шығару бөліміне «Қаптама күнін жасыру» баптауы қосылды. Бұл баптау қосылған кезде қаптама күні басып шығарылған этикеткада көрсетілмейді.