Бір типті тауар
Қолданылуы
Ақпарат
Ең негізгі түрі, сіздің Номенклатураңыздың барлығы дерлік Бір типті тауар ретінде енгізілуі мүмкін.

Міндетті өрістер
- Штрихкод
- Атауы
- Өлшем бірлігі — әдепкі бойынша автоматты түрде «Дана» таңдалады (қажет болған жағдайда килограмм, литр және т.б. өзгертуге болады)
ҰТК-мен сәйкестендіру
Тауарды жасау немесе өңдеу кезінде Ұлттық тауарлар каталогынан (ҰТК/НКТ) позицияны автоматты түрде сәйкестендіру қолжетімді:
- Атауын енгізе бастаңыз немесе штрих-кодты көрсетіңіз;
- ҰТК каталогынан ұсынылған тізімнен сәйкес тауарды таңдаңыз;
- Жүйе атауын, штрих-кодты, NTIN, өлшем бірлігін және таңбалау белгісін автоматты түрде толтырады.
Арнайы өрістер
- NTIN — ҰТК каталогындағы тауардың бірегей ұлттық нөмірі (қолмен толтыруға және түзетуге болатын міндетті емес өріс).
Таңбаланған тауар
Арнайы QR-кодпен (Дата-Матрикс) белгіленетін және Таңбалау жүйесінің базасында бар тауарлар үшін белгіленеді:
- Темекі
- Аяқ киім
- Фармацевтикалық тауарлар
Ақпарат
Жақын арада сыра өнімдерін (кегтер/бөтелкелер) есепке алу да қосылады.
Жылдам тауар
Сату режимінде және Wipon Desktop-та арнайы Жылдам тауарлар бөлімінде болатын тауарлар. Бұл жиі сатылатын тауарлар тізімін іріктеп алуға мүмкіндік береді.